Мәскеуге "Нафтогаз Украина" ҰАК делегациясы газ мәселесі бойынша кезекті келіссөздерді жүргізу үшін келеді

Баспасөз орталығының ақпараты бойынша келіссөздер барысында Украинаға газ жеткізуде RosUkrEnergo (RUE; 50% "Газпром" иелегінде, 45% - Дмитрий Фирташ кәсіпкерінің меншігінде және 5% - Иван Фурсинге тиесілі) мен "УкрГаз-Энерго"-дан басқа делдалдардың қатысуы туралы мәселе талқыланады (RUE жіне "Нафтогаз" 50%ие). Егер арада делдалдар алынып тасталатын болса, онда "Газпром" бір тонна текше метр газдың құнын $321 дейін көтеретін болады.

Украина Орталық Азия газының тұтынушысы болғанымен, осы күнге дейін оны Еуропадағы баға бойынша сатып алмаған.

Естеріңізге сала кетсек, "Түркменгаз "компаниясының басшысы Жақсыгелды Қакаев, "Өзбекмұнайгаздың" жетекшісі Нұрмұхаммед Ахмедов және "Қазмұнайгаздың басшысы" Ұзақбай Қарабалин алдағы жылдан бастап көгілдір отынды Еуропада белгіленген бағамен сататыны туралы жариялады.

Орталық Азиядағы үш республиканың мәлімдемелері жүзеге асырылатын болса, онда Киев импорттық газдың екі есеге қымбаттауына тап болып, оның экономика және әлеуметтік салаларына қандай әсер беретіні неғайбыл.

"Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстанның мұнай газ компаниялары басшыларының кездесуі кезінде айтылғанындай, "ұлттық экономиканың мүддесі мен тоқтаусыз қуат көздерін жеткізу жөнінде халықаралық міндеттемелері ескеріле отырып, 2009 жылдан бастап табиғи газ Еуропадағы құн бойынша сатылатын болады ", - деп хабарлады "Газпромның" баспасөз қызметі.

"Газпромда" атап өткеніндей, орталық азия газының еуропалық баға бойынша сатылатын есеп-қисабы әлі жасалмағандықтан, бұл болашақта жүргізілетін келіссөздерде талқыланатын болады. Бұл мәселеде негізгі түйіткілдер жүргізілетін келісімдерге байланысты болады.

"Газпром" 42 млрд текше метр түрікмен газын, 8 млрд текше метр өзбек және 8 млрд қазақ көгілдір отынын сатып алуда. Биылғы жылы бір мың текше метр газ бағасы $140, $145 және $160 көлемінде белгіленді. Оның басым бөлігі Украинаға $179,5 жеткізіліп отыр.