Мәслихат депутаттарын қайтадан сайлау - 19-қарашаға, екінші қайта дауыс беру - 11-қазанға белгіленді

Оның айтуынша, 89 округте сайлау қайтадан өткізіледі, себебі , бұл округтерде сайлау додасына түскен бірде-бір кандидат қажетті мөлшерде дауыс жинай алмаған. З.Балиева осы орайда, қолданыстағы заңға сәйкес, 20-қыркүйекте сайлауға қатысқан барлық кандидаттар екінші мәрте сайлауға қатыса алмайтынын хабарлады.

Депутаттарды қайтадан сайлау және екінші мәрте дауыс беру шарасына алдын-ала есеп бойынша 250 млн. теңге бөлінбек.
20-қыркүйекте өткен жергілікті өкілетті органға депутат сайлау науқанына тоқталған Зағипа Балиеваның айтуынша, бұл сайлаудағы басты проблема- "науқан барысында былапыт технологиялардың қолданылуы болды". ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, осындай "былапыт" технологиялар көбінесе Алматыда пайдаланылған. "Қарсыластарына қара күйе жағуға, тіпті оларды қорлап-кемсітуге бағытталған үнпарақтар бұл жолы Алматыда бұрынғыдан әлдеқайда көп шығарылды",- деді З.Балиева.