Мәслихат депутаттығына тіркелген 54 үміткер сайлауға қатыса алмайды - Орталық сайлау комиссиясы

"Мәслихат депутаттығына 51 үміткер өзінің кандидатурасын қайтарып алды. Тағы үш үміткерді тіркеуден бас тартылды",- деді Қуандық Тұрғанқұлов.

Бұрын хабарлағанымыздай, мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде ат ұсынған 9128 адамның 8744-і тіркелген. Олардың 1609 - облыстық, Астана және Алматы қалаларының мәслихатына үміткерлер, 5344 - аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер, 1791 - қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті