Мәслихатқа бос депутаттық мандаттар көбінесе Павлодар, Маңғыстау, Алматы облыстарына тиесілі

Белгілі болғандай, бос депутаттық мандаттар көбінесе Павлодар (7 сайлау округі), Маңғыстау (6), Алматы (6) облыстарына тиесілі.

«Бүгін 45 аудандық, қалалық, облыстық сайлау округтерінде жергілікті мәслихаттарға депуттарды сайлау өтіп жатыр. Аталған сайлау округтерінде «Нұр Отан» ХДП өз кандидаттарын ұсынды»,- деді партияның орталық аппаратының басшысы Құмар Ақсақалов журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзінше, барлық кандидаттар партияның ішінде іріктелініп, сайлауға өткізілді.

«Ең мықты үміткерлер қалды деп айтуға болады. Халықпен кездесу барысында өздерінің сайлауалды бағдарламалары түсіндірілді. Жалпы еліміз бойынша осы сайлауға байланысты бүкіл дайындық жұмыстарымыз толығымен орындалды деп айтуға болады. Бүгін сол істеген жұмыстардың нәтижесін көретін боламыз»,-деп түйді ол.