"Масқара": Тойда ақшадан жасалған шапан жабу тренд болған ба?

Видеодан кимешек киген әженің ер адамға "Түн ұйқыны төрт бөліп тіккен шапан" деп пакеттен тігіліп, ақша жапсырылған шапанды жауып жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары "Өте ерсі", "Даңғойлық", "Масқара", "Кимешек киген әжелеріміз не болып барады", "Надандық" деген сынды пікірлерін жазуда.