Матаевқа қатысты айыптау басқа ауыр бапқа ауыстырылды

Аса ірі көлемде мемлекет қаражатын жымқыруға күдіктелген ұлттық баспасөз-клубы президенті Сейітқазы Матаевты айыптау қызметтік жағдайын пайдаланып, сенімге қиянат етумен байланысты бапқа ауыстырылды деп хабарлайды Матаевты қорғау комитеті. 

Сейітқазы Матаев мемлекеттің көптеген миллион теңгесін қымқырды және Алматыдағы Ұлттық баспасөз-клубы ғимаратын заңсыз реконструкциялады деген ресми күдікке ілініп отыр. Әсет Матаевқа мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауда көптеген миллион теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бастап үйқамағында отыр. Әсет Матаев үйқамағына 28 науыздан бастап алдынды. Екеуі де өздеріне тағылған барлық айыптарды үзілді-кесілді мойындамайды.


"Аса ірі көлемде мемлекет қаражатын жымқыруға күдіктелген Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың ісі қызметтік жағдайын пайдаланып, сенімге қиянат етумен байланысты бапқа ауыстырылды. 23 мамырда Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел тергеу тобы қылмыстық істі қайта ауыстыру туралы жаңа қаулы қабылдады",  — делінген сәрсенбіде таратылған хабарламада.

Комитеттен хабарлағандай, Матаев  қоғам мен халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ашық сотта барлық айыптарды теріске шығаруға дайын.