Матрица: 2 мегаполис пен 4 облыс «қызыл» аймақта тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.


«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.