Маусым айында ел кәсіпорындарына 74,3 мың адам жұмысқа қабылданып, түрлі себеппен 72,6 мың адам жұмыстан кеткен


Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 78,7 пайызды құрайды. Ал кәсіпорындардағы қызметкерлер санының қысқаруына байланысты жұмысынан босағандар саны 2,6 пайыз деңгейінде болса, басқа себептер бойынша босатылғандар 18,7 пайыз шамасында болып отыр. Сонымен қатар, агенттіктің мәліметінше, 2011 жылғы маусым айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,4 пайыз деңгейінде болған. Бұл ретте жұмыстан босату бойынша айналым - 2,4 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,9 пайызды құрады. Есепті кезеңге жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 102,4 пайыз шамасында тұрақтаған.