Мәжіліс "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мақұлдады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылғы бюджет тапшылығы 197,6 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнңмге шаққанда 1,3% , инфляция деңгейі 6-8% дәліз аясында қарастырылған.

2008 жылғы республикалық бюджет түсімдері 2 трлн 692,1 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 17,7% деңгейінде межеленген. Ал кіріс 2 трлн 684,7 млрд теңге болмақ. Салық түсімдері 2 трлн 209 млрд теңге, салық емес түсімдер 43,5 млрд, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 8,7 млрд теңге болмақ. Ұлттық қордан даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бөлінетін трансферт 341,4 млрд теңге көлемінде межеленген.

Бюджет шығындары 2 трлн 889,7 млрд теңге, немесе, жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,9% болмақ. Ал әлеуметтік блокқа арналған шығындар 936,9 млрд теңге, немесе жалпы бюджет көлемінің 32,4% көлемінде жоспарланған.

Заң жобасын парламент мәжілісінде талқылау барысында үкімет 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін 10 515 теңгеге дейін көтеруне шешім қабылдады. Бұл тиісінше базалық әлеуметтік төлемдерге жоспарланған қаржыны 8,7 млрд теңгеге арттыруды қадет етеді. Үкімет сондай-ақ, 2008 жылға арналған бюджет жобасында қарастырылған бағдарламалар аясында бюджет көрсетуіштерін өзгертпей-ақ 16 млрд теңгені қайта бөлуге дайын екенін мәлімдеген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті