Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың түсіндіруінше, бюджеттік бағдарламалар аясында 200 млрд теңгеден астам қаржыны қайта бөлуге шешім қабылданды.
"Заң жобасын талқылау барысында әлеуметтік мәселелерді шешуге 27 млрд теңге және мемлекет басшысы берген тапсырманы жүзеге асыруға 205 млрд теңгені қайта тарату жөнінде шешім қабылданды", - деді Б. Сұлтанов журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің түсіндіруінше, "2008 жылы жүзеге асырыла бастайды деп межеленген инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік бағдарламалар қысқартылды".
"Бізге қаржылық пул құру қажетігіне байланысты біз бірқатар жобаларды әзірге бастамауға ұйғардық", - деді Б. Сұлтанов.
Осы орайда ол бюджеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен параметрлері өзгертілмейтінін атап өтті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылғы бюджет тапшылығы 197,6 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3% , инфляция деңгейі 6-8% дәліз аясында қарастырылған.
2008 жылғы республикалық бюджет түсімдері 2 трлн 692,1 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 17,7% деңгейінде межеленген. Ал кіріс 2 трлн 684,7 млрд теңге болмақ. Салық түсімдері 2 трлн 209 млрд теңге, салық емес түсімдер 43,5 млрд, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 8,7 млрд теңге болмақ. Ұлттық қордан даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бөлінетін трансферт 341,4 млрд теңге көлемінде межеленген.
Бюджет шығындары 2 трлн 889,7 млрд теңге, немесе, жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,9% болмақ. Ал әлеуметтік блокқа арналған шығындар 936,9 млрд теңге, немесе жалпы бюджет көлемінің 32,4% көлемінде жоспарланған.
Заң жобасын парламент мәжілісінде талқылау барысында үкімет 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін 10 515 теңгеге дейін көтеруне шешім қабылдады. Бұл тиісінше базалық әлеуметтік төлемдерге жоспарланған қаржыны 8,7 млрд теңгеге арттыруды қадет етеді. Үкімет сондай-ақ, 2008 жылға арналған бюджет жобасында қарастырылған бағдарламалар аясында бюджет көрсетуіштерін өзгертпей-ақ 16 млрд теңгені қайта бөлуге дайын екенін мәлімдеген.
Сонымен бірге бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын мақұлдады.
Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі өңірлердің экономикалық дамуын ынталандыру, салық салынатын базаның аясын кеңейту және облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Елордасы әкімдерінің дербестік деңгейін көтеру үшін айқындалған".
Бюджеттік алулар мен субвенциялардан тұратын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі мынадай : 2008 жылы бюджеттік алулар 81 752 134 мың теңге, 2009 жылы - 89 922 302 мың теңге, 2010 жылы - 77 663 111 мың теңге. Бюджеттік субвенциялар 2008 жылы 449 066 155 мың теңге, 2009 жылы - 526 926 835 мың теңге, 2010 жылы - 645 354 441 мың теңге болмақ.
Заң жобалары сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті