"Өзгерістер құқық қорғау мекемелерінің іс-қызметін жетілдіру, адам саудасына қатысты қылмыс түрлерімен күрес және олардың алдын алу, осындай қылмыстан зардап шеккен адамдарды қорғау, сондай-ақ, заңнама нормаларын халықаралық құқық нормаларымен сәйкестендіру мақсатында енгізілді",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары.
Оның айтуынша, "адам саудасына қатысты қылмыстарды әшкерелеу, оларға тосқауыл қою және тергеу шараларына талдау жүргізген ҚР ІІМ мен бас прокуратура осындай қылмыстарға қатысты жауапкершілік қарастырылған Қылмыстық кодекс баптарының осал тұстарын анықтады".
Өзгерістер Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске, сондай-ақ, "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық ахуалы туралы" заң күші бар жарлығына енгізілмек.
Атап айтсақ, Қылмыстық кодекске адамның дене мүшелері мен тканьдерін заңсыз алғаны үшін және оларды саудаға салғаны жауапкершілік жүктеу, сондай-ақ, осындай қылмыстар жасағаны үшін жазаны күшейту жөнінде ережелер енгізілмекші. "Адам саудасы" аты қылмыстық құрам нақтыланады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізілетін өзгерістер Қазақстан аумағынан қудалануға тиіс тұлға өзі адам саудасына қатысты қылмыстың құрбандығы болғаны туралы хабарлаған жағдайда оның үстінен әкімшілік іс қозғау мүмкіндігін қарастырады.
Жарлықта ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінен зардап шегуші ретінде танылған шетел азаматтарына "елде уақытша болтын адам" деген мәртебе беру қарастырылған.
Заңды қабылдау адам саудасына қатысты қылмыстарды әшкерелеу, алдын алу және тергеу тиімділігін арттыруға, аталмыш қылмыс түрлерінің жасырылып қалу көрсеткішін азайтуға және заңсыз мигранттардың еңбегін пайдалануға және шетелдерде жұмысқа орналастыру қызметін дұрыс көрсетпеуге қатысты қылмыстардың санын азайтуға мүмкіндік береді, деді С.Нұғманов.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін мәжілістің салалық комитетіне жолданды.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті