Мәжіліс Аймақтық антитеррорлық құрылымды көшіру туралы ШЫҰ елдерінің келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады

"Хаттамада Аймақтық антитеррорлық құрылымды Қырғызстанның Бішкек қаласынан Өзбекстанның Ташкент қаласына көшіру қарастырылған", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Хаттамаға 2003 жылдың 5 қыркүйегінде Ташкентте қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.