Палата отырысында заң жобасы туралы түсініктеме берген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, бұл заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жай жеңілдіктер алып тасталды. Бұған дейін аталмыш жеңілдіктер ай сайын төленетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыға өзгертілген болатын.
Сонымен бірге үкімет Арал аймағының тауқыметтерін кешенді шешу жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған бағдарлама жобасы жасап, жүзеге асыра бастады. Бағдарлама аясында мектептер, ауруханалар, сумен қамтамасыз ету нысандарын салу мен аймақтағы ахуалды жақсартуға бағытталған басқа да бірқатар әлеуметтік және экологиялық шаралар қарастырылған.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Батырхан Исаев бұл бағдарлама "Арал аймағындағы өзекті проблемаларды шешудің тек алғашқы кезеңі ғана" екенін атап өтті.
Заң жобасы бойынша жұмыстар барысында депутаттар мен үкімет аталмыш бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобын депутаттарды қатыстыра отырып құру туралы мәмілеге келді.
Заң жобасы сентың талқысына ұсынылды.