Мәжіліс "Әскери жағдай туралы" заңның жобасын мақұлдады

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы арқылы "Қазақстан Республикасы президентінің әскери немесе соғыс жағдайы ахуалында және ондай жағдай енгізілгенге дейін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау құзыретінің аясы кеңейтілді".

Сонымен бірге заң жобасы "әскери басқарушы мекемелер" деген ұғымды "ҚР Қарулы күштері мен қорғаныс туралы" заңына сәйкестендіреді.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.