Жобаның мақсаты - Батыс Қазақстан облысындағы Атырау-Ақтау автожолын жөндеу мақсатында Қазақстанға қол ұшын беру болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Ақтау-Астрахань және оған кері бағытта автокөліктердің қатынау мерзімін қысқартуға жағдай жасау, сондай-ақ, көлік құралдарының тозуын бәсеңдету арқылы жүк және жолаушы тасымалына жұмсалатын шығындарды азайту көзделіп отыр.
Жоба Қазақстан Республикасының 2004-2006-жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспарға қамтылған.
Еуропалық қайта құру және даму банкі бұл жобаға негізгі несиені үш жылдық жеңілдетілген мерзіммен қайтару талабымен 15 жылға несие бөлмек. Несие көлемі 119,2 млн. долларды құрайды. 2004-жылғы республикалық бюджетте жобаны қаржыландыруға 306,6 млн. теңге қарастырылған.
Жобаны жүзеге асыру жұмыстары 2005-жылғы көктемде басталып, 2007-жылдың қараша айында аяқталады.
Заң жобасы парламент сенатының қарауына тапсырылды.