Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, келісімнің мақсаты - "екі жақты ынтымақтастықты дамытуға құқықтық негіз қалыптастыру" болып табылады. "Келісімді жүзеге асыру - екі ел арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, Ауғанстан мен жалпы осы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді",- делінген қорытындыда.
Келісімде БҰҰ, Ислам конференциясы ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымдары шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту қарастырылған.
Келісім 2004-жылдың 15-сәуірінде Астанада хатталды.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті