Мәжіліс баспасөзге жалпы отырыстарда фото- және бейнетүсірілім жасауға рұқсат берді

"Мәжілістің жалпы отырыстары кезінде бүгіннен бастап баспасөздің жұмыс істеуінің бұрынғы тетіктерін қайта жандандыру қажет деп санаймын" - деп мәлімдеді жалпы отырысты ашқан мәжіліс спикері Аслан Мусин.

"Фототілшілер мен телетүсірушілер залда шектеусіз жұмыс істей алады", - деді ол. Бұл мәлімдемені депутаттар ду қол шапалақтай қарсы алды.

Сондай-ақ, бүгін жалпы отырыс алдында өткен брифингте мәжіліс аппаратының жетекшісі Ерген Дошаевтың хабарлағанындай, "мәжіліс спикері Аслан Мусин парламент палатасының баспасөзбен қарым-қатынасына қатысты мәселені дәйектеп, журналистер үшін өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға қажетті қолайлы жағдайлар жасалмағандығына көзін жеткізді".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті