Мәжіліс Бельгия мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады

2000-жылдың 27-маусымында Брюссельде қол қойған бұл келісімнің мақсаты - Қазақстан мен Бельгия Корольдығы аумақтары арасында әуе байланысын орнатуға құқықтық негіз қалау болып табылады.

Келісімге сәйкес, тараптар екінші мемлекеттің аумағы арқылы жолай қонбай ұшып өту, көрсетілген аумақта коммерциялық емес мақсатпен аялдау, екінші мемлекеттің аумағында келісімде көрсетілген бекеттерде халықаралық бағытта тасымалданатын жолаушы, жүк және поштаны бортқа алу немесе оларды түсіру үшін аялдау құқығына ие болады.
Келісім сенаттың талқысына ұсынылды.