Мәжіліс Бельгия үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

"Келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жеңілдетуге саяды",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Бұл келісімнің ережелерін пайдалану Қазақстан жағы үшін тиімді, өйткені, бұл Қазақстаннан Ұлыбританияға жасалатын транспорттық автотасымалдың тиімді дәліздерінің бірі",- делінген құжатта.

Келісімге 2006-жылдың 5-желтоқсанында Брюссельде қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті