Мәжіліс "Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

"Конвенцияға қол қоюдағы мақсат - сыбайлас жемқорлықтың алдын тиімді әрі ықпалды алуға бағытталған шараларды қабылдау мен нығайтуға қолдау көрсетуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жеңілдету мен қолдауға, соның ішінде, заңсыз жолмен тапқан активтерді қайтару шараларын қабылдауға септігін тигізуге саяды", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Конвенцияда "сыбайлас жемқорлықтың, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласында, жариялы сатып алулар мен жариялы қаржыны басқаруда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ, қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға атсалысуына бағытталған шаралар кешені" қарастырылған.

Конвенцияны БҰҰ Бас ассамблеясы 2003 жылдың 31 қазанында Нью-Йоркте қабылдаған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.