Мәжіліс "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

"Конвенция трансұлттық сипаттағы қылмыстардың алдын алу, тексеру және қылмыстық тектеу үшін қолданылады", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Конвенцияға қатысушы мемлекет басқа мемлекеттің аумағында, басқа мемлекет органдарының құзырындағы функцияларды жүзеге асыру құқығына ие бола алмайды", - делінген құжатта.

Конвенцияда қатысушы мемлекеттердің құзырлы органдары тарапынан өзара көмек көрсету тәртіптері мен шарттары айқындалады. Құзырлы органдар қылмыстық-құқықтық мәселелерге қатысты ақпараттарды егер олар басқа мемлекеттің қылмыстық істі тексеріп, табысты аяқтауына қажет болған жағдайда алдын-ала сұрау салмай-ақ, өзара алмаса алады.

Конвенция аясында кәсіби мамандарды бірлесіп дайындау, сондай-ақ, өзара техникалық көмек көрсету көзделген.

Конвенция БҰҰ Бас ассамблеясының 2000 жылдың 15 қарашасындағы 55-ші сессиясының резолюциясы негізінде қабылданған, оны 100 мемлекет бекітті.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.