Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, депутаттар осы заң жобасын 22 қазанда қарап, қорытындылайды.
Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан 2007-2009 жылдардағы кепілді трансферттер туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына қатысты жұмыстарды да 22 қазанға дейін жалғастыруға шешім шығарды.