"Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде, депутаттар бір мандаттық сайлау округінен сайланып, сол аймақтың хал ахуалын ғана назарында ұстаған болса, осы жолы депутаттар сайланған аймақтақтармен қоса, басқа өңірлерді де қамтитын болады", - деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ірі мекендер мен ауылды жерлерде тұрғындар үшін, қоғамдық қабылдау бөлімдері ашылып, әрбір азамат депутаттарға жеке сауал қоя алатын мүмкіндігі болады.
"Сайлаушылармен кездесулердің басты мақсаты - азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасап, жоспарланған жұмыстардың жүру барысын қадағалау. Мәжіліс депутаттарының мұндай шаралары мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі маңызды мәселелерді шұғыл түрде шешуге бағытталғандығының белгісі", - деп жазылған баспасөз баянында.
Құжатта көрсетілгеніндей, мұндай кездесулер, " депутаттардың тұрғындар мен жергілікті билік органдары арасында туындаған мәселелер бойынша байланысты нығайтып, "Нұр Отан" фракция мүшелерінің оларды заң жүзінде іске асырудың жолдарын табатыны сөзсіз ", - делінген баспасөз хатында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті