Қазір еліміздегі қарттар үйінде 7 жарым мыңнан астам қария бар екен. Олардың басым бөлігін өзі өсірген ұл-қыздары өзектеп тепкендер. Енді жауапкершілікті сол балаларына заң жүзінде жүктеу керек дейді депутаттар. Бұл қосымша түскен қаржыға әлеуметтік үйлердегі материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға болады екен. Сондай-ақ, халық қалаулылары әке-шешесін тірісінде керек қылмай, тек бақилық болғаннан кейін жиға-терген зейнетақысына иелік етіп шығатын безбүйректерге де тыйым салуды қолға алмақ.
Дариға Назарбаева, ҚР Мәжіліс депутаты:
- Пенсиясы шотында банкте жиналады, кәрі адамдар ана дүниеге кеткенде оның балалары келеді де алып кетеді. Олай болмайды. Пенсиясының 50 пайызы ма, 70 пайызы ма Үкіметке бару керек. Әлеуметтік үйде істейтін адамдарға, өздеріне қажетті жабдықтарды қамтамасыз етуге жұмсалады.