"Мәжіліс депутаттары бомждарға қытысты заң шығарып, ауылшаруашылығына жіберсе": Елдегі бомждар саны артып тұр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол елдегі бомждардың саны артқанын айтып, дабыл қақты.

"Осы бізде қой бағатын, қора тазалайтын, үй жұмысын істейтін адамды ақшамызға таппаймыз.

Ал, қала толған бомждар.

Мәжіліс депутаттары осы бомждарға қытысты заң шығарып, ауылшаруашылығына жіберсе, ә?

Арасынан тракторист те, көлік жүргізушісі де, қойшы, түйеші бәрі де табылар еді.

Келісім-шарт негізінде істеген жұмысына ақшасын төлеп, уақытылы дәрігерге қаратып, ашықтырмай асырар едік.

Тіпті, қадағалаушы органдарға 6 айда бір рет отчетын да беріп тұрсақ...

Бұл жұмысты учаскелік инспектор тексеріп, қадағалап отырса болады-ғой?

Дәл осындай заң шықса, қашатыны қашып, тығылатыны тығылып, адам болатыны— қоғамға қосылып, қалған бірнеше мыңы жұмысқа кетсе, қала бомждардан тазарып қалатын еді.

Пы-сы: Қазақ елінде

2020 —2023 жылдар арасында үйсіз—күйсіз кезбе—бомждар саны 20% ға артыпты.

Қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайда бұл пайыз жыл санап өсе бермек", деп жазды.

"Бұлар жұмыс істемейді, әбден бұзылып кеткен", "Бомждар арасында көптеген маман иелері бар, бес аспап жігіттер де кездеседі", "Дұрыс идея! Шынымен, мал бағатын адам мүлде жоқ десек болады", деп жазды оқырмандары.