Мәжіліс депутаттары Елбасының Орталық Сайлау комиссисының құрамына өзгеріс енгізу туралы ұсынысын қарады

Сот саласындағы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Елена Кулешова мен зейнет демалысына шығуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Қаппар Бөкенов жұмыстарынан босатылды. Ал Владимир Фоос комиссияның хатшысы болып тағайындалуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының ұсынысымен депутаттар Бахыт Мельдешев пен Ляззат Сүлейменді Орталық сайлау комиссиясының мүшесіне сайлады.