"1999 жылдың қазаны мен маусымдағы екі апаттан кейін Денсаулық сақтау министрлігі гептилдің тұрғындардың денсаулығына тигізетін әсерін зерделеуге шешім қабылдаған болатын. Бірақ ол өз нәтижесін бермеген",- деді сәрсенбіде палатаның жалпы отырысында мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин елдің премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалды оқи отырып. "Осы зерттеуді аяқтау қажет деп санаймыз",- деді ол.
"Бізді мұның бірінше рет емес екендігі алаңдатады, бұл оқиға жүйелі сипат ала бастады",- деп атап көрсетті депутат.
Сонымен қатар, өзінің үкімет басшысан қойған сұрағында депутат дамыған елдерде қолданылатын әдістемеге сәйкес есептеу экономикалық және экологиялық шығынды есептеудің қазақстандық әдістеме қаншалықты сай келетіндігін; Қазақстан ұшырылымдарға мониторинг жүзеге асыра ма дегенді; зымырандардың жарамдалығы мен оның ұшуға дайындығына жүргізілетін тексеру қаншалықты толық жүргізілетіндігін түсіндіруді сұрады.
Депутаттар сондай-ақ үкіметтік комиссияның "Протон-М" зымыран тасымалдағышының құлауынан келген экономикалық және экологиялық шығын жөніндегі жүргізілген зерттеу нәтижелері туралы хабарлап тұруларын сұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті