Мәжіліс депутаттары конституциялық кеңес мүшесіне Ілияс Бақтыбаевтың кандидатурасын қолдады

"Конституцияның 58- бабының 7 -тармағына сәйкес, мәжіліске Ілияс Жақыпбекұлы Бақтыбаевты ҚР конституциялық кеңесінің мүшесі лауазымына тағайындау туралы таныстыру енгізілді", -деді жалпы отырыста депутат Серік Баймағамбетов.

Депутаттар І.Бақтыбаевтың кандидатурасын бір дауыстан қолдады.

І. Бақтыбаев бұған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған.