Мәжіліс депутаттары палатаның вице-спикері қызметіне Жәнібек Кәрібжановты сайлады

"Палатаның вице-спикері қызметіне Жәнібек Кәрібжановты сайлауды ұсынамын", -деп мәлімдеді мәжіліс төрағасы Аслан Мусин жалпы отырыста.

Бұл ұсынысты депутаттар бір дауыстан қолдады.

Сонымен бірге, бүгін өткен жалпы отырыста Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев Ж.Кәрібжановты мәжіліс депутаты деп тіркеу жөніндегі ОСК қаулысын жария етті.

"Сайлау туралы конституциялық заңның 12, 45, 46 баптары, 97-1, 98- баптарының 4 және 5 -тармақтарына сәйкес ОСК қаулы етеді: парламент мәжілісі депутатының иесіз мандаты Ж.Кәрібжановқа берілсін; Ж.Кәрібжанов парламент мәжілісінің депутаты болып тіркелсін", - деді М. Сәрсенбаев.