Мәжіліс депутаттары парламентке келіп түскен экстремизммен күрес жөніндегі заң жобасы "әсіре либералдық сипаттағы заң" деп санайды

М.Трошихиннің пікірінше, бұл заң жобасы мүлдем дерлік дәйектелмеген. "Күні бүгінге дейін экстремизм дүниежүзінде біршама қанды қырғындарға түрткі болды. Осындай жағдайда оған қатысты либералдық сипаттағы заң қабылдау - дұрыс саясат болып табылмайды",- дейді ол. Мәжіліс депутатының пікірінше, "осындай ұйымдардың іс-қызметін қатаң әрі нақты реттейтін немесе оған мүлдем тыйым салатын тегеурінді заң қабылдау қажет".

"Айналамызда болып жатқан қаныпезерлік оқиғаларды көре тұра либералдық көзқарас ұстана алмаймыз". "Біз Қазақстанда экстремизмнің тамыр тартуына жол бермейтін қатал заңдар қабылдауға тиіспіз",- деді депутат. Осыған байланысты М.Трошихин аталмыш заң жобасын жасаумен бірге Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіп, экстремистік іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеуді ұсынады.