Мәжіліс депутаттары қаза тапқан кеншілердің қорына ақша аудармақшы

"Өзіміздің бір күндік жалақымызды қаза тапқан кеншілердің қорына аударуды ұсынамын", - деді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Бұл ұсынысты депутаттар қолдады. Мәжіліс спикері Аслан Мусин бұл мәселені палатаның бухгалтериясымен бірлесе дәйектеуді тапсырды.