Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен қызметкерлердің транзиті туралы заң жобасын мақұлдады

"Келісімнің мақсаты Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге қатысты халықаралық күштерге көмек көрсетудегі рөлін нығайту болып табылады. Келісім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Германия Федеративтік Республикасының әскери мүліктері мен қызметкерлерінің транзитін жүзеге асыру тәртібін анықтайды",- деп айтылған Мәжілістің халықаралық істер жөніндегі комитеттің қорытындысында.

Қорытындыға сәйкес, "Қазақстан аумағы арқылы әскери мүліктер мен қызметкерлердің транзиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген келісім негізінде теміржол және әуе көліктері арқылы жүзеге асырылатын болады".

Келісімге Берлинде 2007 жылдың 1-ақпанында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті