"Мәжілістегі "Аймақ" депутаттық тобы жер қойнауын пайдалану саласында қалыптасқан ахуалдың басын ашып алу қажет деп санайды",- деді мәжіліс депутаты.
Атап айтсақ, депутаттар ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктен қандай заңды жәнежеке тұлғалармен, қандай резидент және резидент емес тұлғалармен арада өнім бөлісу туралы келісім-шартқа қол қойылғаны туралы, концессия туралы, мердігерлік және ақылы қызмет көрсету жөніндегі келісімдер туралы, сонымен бірге, бұл келісім-шарттарына қашан және қандай мерзімге қол қойылғаны туралы хабарлауды сұрап отыр.
Депутаттар шетелдік компаниялармен арадағы мұнай, газ және минералды шикізат өндіру жөніндегі келісім-шарттарының мерзіміне қызығушылық танытты.
Депутаттар өз сауалында жер қойнауын пайдалану құқығын кепілдікке қою жөніндегі рұқсаттың қаншасы және олардың кімге берілгені туралы, осындай учаскелерді одан әрі пайдалану ахуалы туралы да мәселе көтерді.
Сонымен қатар депутаттар жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан республикалық және жергілікті бюджеттерге аударылатын салық төлемдерінің мөлшерін білгісі келетінін жеткізді. Бұған қоса депутаттар келісімнің шарттарын орындамауға байланысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарттардың бұзылу деректері туралы, жер қойнауын пайдалану құқығын басқаға заңсыз беру және қайтадан рәсімдеу деректерінің соттарда қаралу оқиғалары туралы хабардар етуді сұрайды.
"Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге берілген экологиялық негіздеме жайында, жер қойнауын қорғауды мемлекет тарапынан бақылау, шарттағы экологиялық талаптарды орындау, пайдалануға берілген учаскелерде жұмыс істейтін қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығын қорғау туралы ақпараттарды жария етуді сұраймыз",- делінген сауалда.
Сонымен қатар "Аймақ" тобы жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты Қазақстанда қолданылатын антимонополиялық ықпал шаралары, монополияға қарсы осындай заңнама нормалары қандай компанияларға қатысты қолданылғаны туралы, сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамаларды бұзу деректеріне байланысты дау-дамайлардың Қазақстандық және халықаралық арбитраждық соттарда қаралу оқиғалары туралы хабарлауды талап етеді.
"Аймақ" депутаттық тобының пікірінше, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң жер қойнауын пайдалану құқығын беру, бұл құқықты басқаға жалғастыру, жер қойнауын пайдалану құқығын шектеу, жер қайнауын пайдалануға қатысты төлемдер, орталық және жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу мекемелерінің жер қайнауын пайдалану саласындағы құзыретіне қатысты көптеген проблемаларды айқындап бере алмайды".
"Аймақ" депутаттық тобына парламент мәжілісінің 36 депутаты енеді.