Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс төрағасының орынбасары екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстар жөнінде әңгімелеп, тауар айналымы биылғы жылдың бес айында өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға өсіп, 8 миллиард АҚШ долларына жеткенін мәлімдеді. "Қазақстан ХХІ ғасырға батыл қадам жасады, Елбасының халыққа жолдауындағы тапсырмалары нақты орындалуда. Қазақстан 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауға және де ДСҰ-ға қосылуға ұмтылыс жасап отыр. Отанымызда татулық пен тұрақтылық салтанат құрып, болашаққа жарқын жол ашылды. Еліміздің Ата заңына толықтырулар енгізіліп, сол арқылы парламент пен саяси партиялардың ролі, жергілікті өзін-өзі басқару саласы күшейді." - деп, палатаның заң шығару ісінен де қонақтарды хабардар етті.
Қытай Халық Республикасының Сыртқы достық байланыстар қоғамының вице-президенті өз кезегінде Қазақстандық жұмыс берушілерге алдымен елінің алғысын жеткізді. Өзі басшылық жасап отырған қоғамының "Қытайдың негізгі көршісі - Қазақстан болғандықтан оның экономикалық, саяси дамуын бақылап, барлық жақтан дамуын қадағалап, байланыс жасап отыруға тырысамыз. Біз әлемнің көптеген елінің парламенттерімен байланыстамыз. Сол дәстүрді енді сіздермен жалғастырамыз"-деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті