Атап айтсақ, құрылымдық негізде қаржыландырудың қазіргі заманғы бір түрі ретінде секьютиризация институтын дамыту мен оның жұмыс істеу негіздерін заңдастыратын "Секьюритизация туралы" заң жобасы мақұлданды. "Заң жобасының мақсаты құрылымдық негізде қаржыландырудың қазіргі заманғы түрлері мен тетіктерін дамыту болыа табылады. Нақты секторды қаржыландырудың жаңа түрі нарықты жаңаша қаржылық құралдармен, соның ішінде несиелік тәуекелді бірдей деңгейде инвестициялау және проценттік өсімақы мен айналым мерзімін өзгертетін несиелік бағалы қағаздармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінң қорытындысында.
Заң жобасында Қазақстанда секьютеризациялық сауда-саттықты жүзеге асыру тәртіптері айқындалған. Ол оригинатор деп аталатын арнаулы қаржылық компания тарапынан өткеріп берілген талап құқығын қаржыландыруға саяды. Сонымен бірге заң жобасы секьюритизациялық сауда-саттықты жүзеге асыру үшін құрылатын арнаулы қаржылық компанияның іс-қызметін реттеп, секьюритизациялық сауда-саттыққа қатысушылардың талап құқығын басқаға беру ұғымын нақтыландырады.
Комитеттің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, бұл заңды қабылдау арқылы "несие алу мүмкіндіктері біршама артады, соның ішінде халықаралық нарықтан да несие алу мүмкіндіктері артпақ. Сонымен бірге қаржылық құралдар шығару мөлшері артып, сауда-саттыққа қатысушылардың құқығы мен мүддесін қорғау жағдайы қамтамасыз етіледі".
Мәжіліс сонымен бірге "Секьютирзация мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Бұл өзгерістер "Секьюритизация туралы" заң жобасына байланысты енгізіліп отыр.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін мәжілістің салалық комитетіне жолданды.