Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақысын аударады

"Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуды сұраймын", -деп мәлімдеді бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаты Берік Бекжанов.

"Біз бұл ұсынысты қолдаймыз. Бізде схема дәйектелген. Аппарат пен бухгалтериядан осы шаруамен айналысуды сұраймын", -деп мәлімдеді мәжіліс спикері Аслан Мусин.