Олар әрбір еліміздегі отбасыға жолдаудың басым бағыттарын түсіндірулері керек, деп жазады Sn.kz.
«Бүгінде Жолдауды зерделеу, оны жүзеге асыру әрбіріміздің, соның ішінде міндеті түрде депутаттардың басты жұмысы болуы тиіс. Біз өз сайлаушыларымызға Президент айтқан тапсырмалардың мән-мағынасын жеткізуіміз қажет. Сондықтан, бүгінгі алқа отырысынан кейін біз аймақтарды аралап, халыққа Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіреміз. Бұл өте маңызды және жауапты миссия», - деп атап өтті Н.Нығматулин.
Естеріңізге салайық, биыл 31 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнады. Маңызды құжат «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады.