Мәжіліс депутаттарының сайлауына арналған сайлау бюллетеньдерінде партиялар мен блоктардың орналасу реті анықталды

Бюллетеньдегі тізімге бірінші болып Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы енді. Бұдан кейінгі рет былайша қалыптасты: Қазақстанның социал-демократиялық "Ауыл" партиясы, "Отан", "Қазақстан Коммунистік Партиясы мен Демократиялық таңдау партиясы" блогы, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Асар", Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы (Аграрлық және Азаматтық партияның блогы), Қазақстанның Патриоттар партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы мен "Руханият" партиясы.

Мәжіліс депутаттарын сайлау 19-қыркүйекке белгіленген.