Үміткерлердің басым бөлігі - 76% - қазақтар, 16,5% - орыстар, 3% - украиндықтар, 3,9% - басқа ұлт өкілдері.
Үміткерлердің 83 проценті ер адамдар, 17 проценті әйелдер.
92%-і жоғары білім игергендер. Ал үміткерлердің 5 процентінің арнаулы орта, 2%-нің орта білімі бар. Үміткерлердің 0,6%-і аяқталмаған жоғары білімділер.
Жоғары білім игергендердің басым бөлігі, немесе, 19,8%-і заңгерлер. Үміткерлердің 15,1%-і - ұстаздар, 13,8%-і - экономистер, 4,4%-і - журналистер, 4,3%-і - агрономдар, 4%-і - дәрігерлер, 3%-і - мал дәрігерлері. Үміткерлер арасында сирек кездесетін мамандық иелерінен режиссер, театр және кино әртісі, өнертанушы, ирантанушы-филолог, метеоролог және сирек кездесетін элементтер жөніндегі техник-технолог мамандықтарын атауға болады. Бұл кәсіптерді бір-бір үміткер игерген.
Үміткерлердің 91,6 проценті қандайбір жұмыс істейтіндер, 4,8 проценті жұмыссыз, 3,6 проценті зейнеткерлер. Жұмысы бар үміткерлердің жартысынан астамы басқарушы немесе жетекші лауазымдағылар.
Мәжіліс депутаттығынан үміткерлер арасындағы ең балаңы 25-те, ал ең қариясы 74 жаста. Үміткерлердің басым бөлігі 42-50 жас аралығындағылар.
Қазіргі мәжіліс депутаттары арасынан 49 адам сайлауға қайтадан атын ұсынып отыр. Бұл бұған дейінгі сайлауда бір мандатты округ бойынша сайланған депутаттардың 73 проценті.