"Менің айтарым, біз осы іске қатысты ІІМ жасаған барлық амалдарына қанағаттанамыз",-деді мәжіліс соңынан кейін Е.Абылқасымов. "Әрине, мен тәптіштеп бәрін жария ете алмаймын, бірақ Ибрагимов пен Өтембаевтың кінәларын айғақтайтын дәлелдер сенімді материалдармен көрсетілді",-деді депутат. "Өз басым бұл шындыққа жанасады деп кез-келген жерде айта аламын",-деді ол.
Сонымен қатар, ол "Сәрсенбаевтың өліміне" қатысты сотталғандардың ісінің дәлелденгені туралы мәселені үкімет сағатында өзі көтергенін айтты. "Әрине күдік болды, сондықтанда мен осы мәселені алға тарттым",-дейді депутат.
Е. Әбілқасымов: "Заманбек Нұрқаділовтың өлу процесі егжей тегжейлі айтылды",дейді. "Оқиға орнында жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша жасалған ақтық шешімге сәйкес, алдыңғы екі мәрте атылған оқ жүрегіне тимеген, олар жастық қойып атқаннан кейін 9-11 қабырғаларының арасынан өтіп шығып кеткен",-деді Е.Әбілқасымов. "Мен дәрігер ретінде айтарым, алдыңғы екі оқ аса маңызды органдарға тиген жоқ",- деді ол.
Депутаттың пікірінше, "бұл ретте ешқандай сауал да, күдік те жоқ, оқиға егжей-тегжейлі қарастырылған".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті