«Өз қаржысы есебінен ғимарат салдырған меценат немесе демеуші оған өзінің атын емес, Абайдың немесе басқа бір саяси қайраткердің атын беруі мүмкін. Бірақ, құрылысқа кеткен қаражаттың 70 пайыздан астамын төлеген жағдайда, ғимаратқа сол меценаттың аты жазылған тақтайша ілінуі тиіс», - деді Н.Кузьмин дүйсенбі күні мәжілісте «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық көмек туралы» заң жобасын талқылау барысында.
Ал оның әріптесі Егор Каппель бұл ұсынысқа қарсылық білдірді. «Бәрін былықтырып жібереміз», - деді ол.