"Банктер жойылған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қосылатын сыйақысыз тек салым сомасын ғана - ары кеткенде 5 миллион теңге қайтаратыны белгілі. Салымшылардың сенімін арттыру үшін қайтарым кепілдігін көбейту қажет.Осыған орай кепілдік беру шарттарын қайта қарау және қайтару сомасын бастапқыда кем дегенде 15 миллион теңгеге көбейткен жөн",- деді ол сәрсенбі күнгі палатаның пленарлы отырысында республиканың Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетовтің атына жолдаған депутаттық сауалында.
Ж.Әлиев атап өткендей, дамыған елдерде депозиттер бойынша кепілді қайтарым сомасы жоғары.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, жаппай қоғамдық қызығушылық және бюджеттік қолдау банктерді "әлеуметтік жауапкершілігі жоғары институттарға" айналдырып отыр.
"Банктердің табысы, басшыларының жалақысы жариялылық, көпшілік қағидаларына бағынуға тиіс", деп санайды депутат.