Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы сайлауға қатысушылардың құқығын аяққа таптаумен бірге "көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату арқылы сайлау органдарының беделін түсірді". "Сайлауды бұрмалауға оның тікелей қатысы бар",- дейді депутат.
Ғ.Қасымовтың мәлімдеуше, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі "сайлау процессіне тікелей араласып", ІІМ қызметкерлерінің тікелей көмегімен округтік сайлау комиссиясының мүшелеріне қысым көрсету арқылы бақылаушылар мен Қазақстан патриоттары партиясының өкілдері-заңгерлерге қарсы жауап беруге мүжбүрледі.
Осыған байланысты депутат Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасын қайта сайлауды, президент әкімшілігінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтың атына аудан әкімін жұмыстан шығару туралы таныстыру жолдауды талап етеді. Сондай-ақ, Ғ.Қасымов ҚР ІІМ Заытбек Тұрысбековке "аудан әкімі В.Устюговтың басшылығымен ІІМ органдарының округтік сайлау комиссиясының отырысына заңсыз араласу дерегі бойынша қызмет бабындағы тексеру жүргізу жайында" өтініш жолдады.