И.Ивановтың атап көрсеткеніндей, "Ирак аумағында шетелдіктерді кепілдікке алу оқиғаларының жиілеп кетуі осындай талап қоюға итермелеп отыр". "Қазір коалиция құрамында ҚР Қарулы күштерінің шектеулі құрамасы - Қазбат қызмет істеп жатқандықтан, ондағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын мейлінше күшейту қажет",- деп санайды депутат.
Сондай-ақ, депутаттың атап көрсетуінше, "Ирак аумағында еліміздің қарапайым азаматтарының да болу мүмкіндігі зор". Осыған сәйкес депутаттың пайымдауынша, ҚР СІМ "осындай адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Ирак аумағынан ешбір кедергісіз шығып кету мүмкіндігін қамтамасыз етуге шұғыл шаралар қолдануы тиіс".
В.Ивановтың пікірінше, "Ирактағы халықаралық шиеленісті оқиға ұлтазаттық қозғалысына ұласты, ендігі жерде Ирак халқы егемендік туралы өз қалауына сәйкес таңдау жасамайынша, бұл күреске қандай да қауіпсіздік күштері төтеп бере алмайды".