"Аталмыш газ құбыры түрікмен шекарасынан қазақстан-ресей шекарасына дейін біздің үш облысымыз арқылы өтеді. Ол археологиялық тарихи ескерткіштерге толы аумақ арқылы өтеді",- деп мәлім етті К. Бұрханов.
Атап айтқанда, "тек Маңғыстау облысының өзінде көптеген қорымдар мен қабырлардың саны өте көп", деп еске сала кетті депутат. "Осының барлығы шұғыл зерттеулер мен археологиялық сараптама жүргізуді қажет етеді",- деп санайды.
Мәжіліс депутатының пайымдауынша, "Тарихи-мәдени жәдігерлерді қорғау, пайдалану туралы" заң негізінде археологиялық, ғылыми сараптамалар жүргізу қажет". "Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысының аумағында газ құбырын тартуға қатысты қандай да бір іздеу жұмыстарын жүргізуді бастамас бұрын кешенді ғылыми зерттеу жүргізуді ұйымдастырып, газ құбыры трассасының бойында археологиялық сараптама жүргізу қажет",- деді К. Бұрханов.
Оның пайымдауынша, зерттеу жүргізгеннен кейін, "аталмыш аумақтарда қорғау, консервациялау, реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қажет".