Мәжіліс депутаты К.Мәсімовтен қызмет бабы үшін көлікті мемлекеттік сатып алу арқылы алудың қаншалықты негізді екендігін анықтауды сұрады

"Елбасы бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және өзімізде премиум класындағы көліктердің шығарылып отырғандығын ескере отырып, шетелден қымбат көлік сатып алуға тыйым салу жөнінде мемлекеттік органдардың басшыларына бірнеше рет нұсқау берген болатын", деді ол сәрсенбіде мәжілісте пленарлы отырыста "Ақ жол" депутаттық фракциясының атынан премьер-министрге өтінішін арнаған кезінде.

Отандық БАҚ мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның мемлекеттік сатып алу сайтында бүгінде қымбат көлік алуға 7 тендер жария етілген.

Оның айтуынша, мәселен, ОҚО мәслихатының аппараты 12,8 млн теңгенің көлігін алғысы келеді. (183,51/$1).

"Тапсырыс беруші кузовтың түсі "қара металлик" болуға тиіс, қозғалтқышының көлемі 3 778 текше сантиметр, көліктің максималды жылдамдығы сағатына 240 шақырым болуға тиіс, деп көрсеткен. Сонда мәслихат басшылығына спорт сипатындағы мұндай көлік не үшін керек? Қазақстанның қай жолымен сағатына 240 шақырым жүрмек? ", деді ол.


Ең ірі лотты Алматы қаласының шаруашылық басқармасы беріпті, оның сомасы 160 млн теңге, көліктердің бағасы 7 млн -15 млн теңге аралығында болуға тиіс.

Осы орайда олар аймақтық деңгейде қызмет бабы үшін көлікті мемлекеттік сатып алу арқылы алудың қаншалықты негізді екендігін анықтауды сұрап отыр.