"Сізден үкіметтік комиссияға, Әділет министрлігі мен Бас прокуратура өкілдеріне бұқаралық ақпарат құралдары жария еткен деректерді тексеру туралы тапсырма беруіңізді сұраймын. Ақпараттар расталған жағдайда жылжымайтын мүлікті басқа тұлғаның атына көшіруге жол бермеу шарларын қабылдау қажет. Егер олардың арасында мемлекеттік шенеуніктер болса, олар туралы мәліметті қоғамға жеткізу қажет",- деп мәлім етті депутат бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрге қарап сөйлеген сөзінде.
У. Қалижанов, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары "соңғы күндері елбасының тапсырмасы бойынша Алматы және Алматы облысындағы табиғи аймақтардағы жер телімдерін бөлу мен құрылыстардың заңдылығын тексеруге байланысты бірқатар материалдар жариялай бастады", деп атап өтті. "Бұл мақалаларда қорғаудағы табиғат аймақтарында жекелеген мемлекеттік шенеуніктердің жылжымайтын мүлкі бар, олар осы үшін өтемақы алмақ, деген мәліметтер берілген. Олар осы мақсатта жылжымайтын мүлікті басқаның атына аударып, өздері жауапкершіліктен қашпақ",- деп түсіндірді мәжіліс депутаты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті