М.Итеғұловтың пікірінше, соңғы 5 жылда Қазақстанда спиртті өнімдердің саудасынан түсетін түсім мөлшерінің тұрақты кему ағымы байқалады. Депутат ортаға салған мәліметке сәйкес, егер 2000-жылы бюджетке құйылған осындай түсім мөлшері 7,5 млрд. теңге болса, 2004-жылы 5,4 млрд. теңгені құрады. Демек, бұл - 29 процентке кем. "Осы мерзімде спиртті өнімдердің мөлшері 21 процентке артқанын" алға тартқан депутат "түсім мөлшері бірнеше есе азайтып көрсетілген" деген сенімде.
"Бұл сала көлеңкелі экономиканың басты құрамды бөліктерінің бірі болып табылады",- деді депутат. Сонымен қатар ол "аталмыш салада тәртіп орнатуға талпыныс жасаймын деп қызметінен қуылған әкімдер туралы ақпараттардан хабардар екенін" білдірді. "Бұл - мәселенің күрделілігін меңзейді",- деді ол.