Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғаринге
Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде сәбізді экспорттауға жаңа шектеу енгізу туралы ұсыныс фермерлер мен кәсіпкерлер арасында наразылық тудауда. Бизнес өкілдері Үкімет бұл шара арқылы нақты қандай стратегиялық мақсатты көздейтінін түсіне алмай отыр.
Тәжірибе көрсеткендей, экспортқа тыйым салу бағаның төмендеуіне әкелмейді, керісінше өсім жалғаса береді. Бұл жерде негізгі ауыртпалық өндірушілерге түседі. Ал делдалдар мен логистикалық тізбектің басқа қатысушылары бұл шектеуден зардап шекпейді. Себебі тауардың бағасы дүкен сөресіне жеткенше бірнеше есеге қымбаттайтыны белгілі.
Сарапшылар бағаны тек экспортты шектеу арқылы тұрақтандыруды тиімсіз деп есептейді. Бизнес қауымдастығы да өз ұстанымын ашық білдіруде. Егер мемлекет ішкі нарыққа қажетті өнім көлемін нақты айқындаса, фермерлер оны қамтамасыз етуге дайын.
Қазақстан Картоп және көкөніс өсірушілер одағының мәліметінше, қоймалар толы, сәбіз бен картоп тапшылығы жоқ. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған өнім тапшылығы жөніндегі деректердің объективтілігіне күмән туындайды. Бұл мемлекет пен өндірушілер арасында жүйелі диалогтың жоқ екенін көрсетеді.
Мәселен, Павлодар облысында ғана фермерлердің қолында 120 мың тоннадан астам сәбіз қоры бар. Қазіргі жағдайда оны келісі 80 теңгеден сатудың өзі қиын. Себебі сұраныс төмен. Ал сәбіз – ұзақ сақталмайтын өнім. Сондықтан экспортқа уақытша шектеу қолда бар өнімді өткізу мүмкіндігін одан әрі тарылтады.
Ойластырылмаған әкімшілік шешімдер отандық фермерлердің шетелдік нарықтардағы орнын әлсіретіп, оларды бәсекелестерге оңай беріп қоюға әкеледі. Фермерлер жылдар бойы қалыптастырған логистикасы мен серіктестік байланысы бір ғана шешімнің салдарынан үзілуі мүмкін.
Бұған дейін де картоп, ет және пияз экспортына осындай шектеулер енгізілгенімен, олардан нақты қорытынды жасалған жоқ. Қысқамерзімді әкімшілік тәсілдер әлі де басым болып отыр.
Мұндай саясат ұзақ мерзімде фермерлердің өндірісті дамытуға деген ынтасын төмендетіп, елдің шетелдік өнімге тәуелді болу қаупін арттырады.
Осыған байланысты Үкіметтен төмендегі мәселелерге жауап беруін сұраймын:
Мемлекетке қажеті – бір реттік шектеулер емес, тұрақты әрі болжамды ережелер.
Құрметпен,
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Т. Қырықбаев