Мәжіліс елімізде донорлықты дамытуға бағытталған заң жобасын мақұлдады

Палата отырысында жоба хақында түсініктеме берген ҚР денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, бұл заң жобасы Қан мен оның құрамды бөлшектері бойынша донорлықты жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін қалауға бағытталған. Заң жобасында азаматтардың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жүктейтін жауапкершілік пен донорларды материалдық тұрғыда ынталандыру жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ құжат мемлекеттік мекемелердің донорлық жасау саласындағы құзыреті аясын айқындайды.

Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.